12 ақпанда көкшетаулық жас көрермендер мен қала қонақтары облыстық филармонияның концерт залында «Мюзикл» театралдық студиясының әртістері мен симфониялық оркестрдің қатысуымен өткен С.Прокофьевтың «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісінің алғашқы көрсетіліміне шақырылды. Музыкалық ертегі облыстық филармонияның инновациялық жобасы - «Музыкалық кофехана» жексенбілік отбасылық ойын-сауық бағдарламасының аясында өтті. «Музыкалық кофехана» жексенбілік отбасылық музыкалық-ойын-сауық бағдарламасы - әртүрлі жастағы тыңдармандарға арналған филармонияның әртүрлі жанрдағы, музыкалық ойын-сауық іс-шараларының бірі.

«Музыкалық кофехана» бағдарламасының ерекшелігі айына екі рет жексенбі күндері отбасылық жақсы және жайлы көңіл-күй аясында өтетіндігінде, онда ата-аналарға кофе, балаларға әртүрлі тәттілер ұсынылады.

Сергей Прокофьевтың балаларға арнап 1936 жылы жазған «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісін әлемдегі барлық балалар мен ересектер біледі және сүйіп тыңдайды. Ал ертегі алғаш рет сол жылы Мәскеу филармониясының концертінде орындалды. Автор ертегінің педагогикалық мән-мағынасы туралы өзінің өмірбаянында: «Ертегінің әрбір кейіпкері өзіндік лейтмотивке ие, ол осы кейіпкерге бекітілген аспапта орындалады: үйректі - гобой, атаны – фагот аспабы және т.б. бейнелеп салады. Ертегі басталар алдында балаларға аспаптарды таныстырып, ойнап көрсетеді: орындау кезінде балалар тақырыпты қайта-қайта тыңдайды және аспаптар тембрын танып білуге үйренеді.» деп жазды. Проковьев өзіне ертегінің өзі маңызды болмағандығын, балалардың музыканы тыңдай білуі маңызды екендігін, ал ертегі оған желеу ғана болғандығын баса айтты.

Ертегіні кішігірім үзінділерге бөліп оқып тұрған мәнерлеп оқушы, ертегі желісінде болып жатқан барлық оқиғаларды тілсіз, бейнелеп көрсетіп тұрған филармонияның театралдық студиясының әртістері қатысқан ерекше қойылым симфониялық оркестрдің орындауындағы музыкамен ұштасып көрермендердің қызығушылығын арттырды.

Онлайн кім

Қазір 79 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр