Ақмола облыстық филармониясының «Мюзикл» театралдық студиясы дәстүрге сәйкес ең жас көрермендеріне арнап жаңа жылдық «Жаңа жыл & ку-ка-рестік әбігер» атты жаңа ертегі қойылымын дайындады. Себебі балақайлар әрдайым ғажайыптарға толы жаңа жыл мерекесін асыға күтеді, себебі олар ғажайып сәттерге шынайы сенеді, сондықтан да қызыққа толы ертегі әлеміне сүңгіп, бой жазуға дайын тұрады.

22 желтоқсан күні балаларға арналған таңғажайып қойылымның бірінші көрсетілімі Солтүстік Қазақстан облысының Саумалкөл аулының мәдениет үйінде өтті.

Ертегі кейіпкерлерінің басынан өткен сан қилы қызықты оқиғаларға толы, тартымды қысқы қойылым жас көрермендердің көңілінен шықты. Олар сахна төрінен көз алмай, қаскөй вирустық Тымаудың «спортпен айналыспайтын, шынықпайтын, тек таң атқаннан кеш батқанға дейін компьютердің алдында отыратын балалардың ауыруы керек» деген шешімі көрсетіліп жатқан оқиғаны қызыға тамашалады.

Ал қаскөй Тымау ең алдымен келе жатқан жаңа жылдың нышаны Әтешті ауруға шалдықтырады, одан кейін танымал мультфильмдердегі сүйікті кейіпкерлер Бен10, София ханшайымды және Пони «Pinkті» ауыртады.

Бірақ ертегі кейіпкерлері көрермендер залында отырған кішкентай достарының жақсы көңіл-күйлері мен белсенді көмек көрсетулерінің арқасында жаңа жылдық бұл індеттен айығады. Олардың жаңа жылдық көңіл-күйлері зерігуге жол бермеді, ал соңғы «Dence Battles» биі бас қаһарманды ауруынан құлан таза жазды, ол бар даусымен көптен аңсаған «Ку-ка-ре-ку» әніне басты.

Ал көкшетаулық балақайлар 23 желтоқсаннан бастап 30 желтоқсан аралығында осы қызыққа толы таңғажайып оқиғаны облыстық филармонияның концерт залында тамашалай алады.

Ал қойылымның екінші бөлімінде балалар Аяз Ата мен Ақшақармен бірге ән салып, би билеп, үлкен экраннан қызықты музыкалық викториналарды шешеді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін балалар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерімен бірге фото-сессияға қатыса алады.

Онлайн кім

Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр