3 қараша күні «Мюзикл» театралдық студиясының әртістері кішкентай көкшетаулықтарды «Самые школьные Барбоскины» театрланған-музыкалық ойын-сауық қойылымының алғашқы көрсетіліміне шақырды. Балалар бұл қойылымды қуана тамашалады. Лизаның қалай мектепке дайындалғаны туралы қызықты оқиға жас көрермендерге қатты ұнады. Мектеп жасына жетпеген бұл балдырғандар – өте сезімтал, олар ертегінің жағымды кейіпкерлерінің басынан өткен оқиғаларға сеніп, оны өз бастарынан өткергендей күй кешіп, жан-тәнімен беріле тамашалайды.

Жаңа қойылым балаларды жақсы оқуға, белсенді және ұқыпты оқушы болуға, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады. Ертегі авторлары қойылымды әсерлендіре түсу үшін логикалық тапсырмаларды шешуге арналған ойын түрлерін, сұрақ-жауаптар кіргізді.

Бұл балалардың тілін дамытып, диалог жүргізе білуге және көрген, естігенін қорытындылап, өз сезімі мен ойын анық жеткізе білуге әсер етеді, яғни балалардың ой-өрісін кеңейтеді. Тәрбиелік мәні зор мағыналы қойылым балаларды эстетикалық жағынан ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен қатар педагогикалық жағынан да тәрбиелейді. Балақайлар көремендер ретінде ғана емес, сонымен қатар сұрақтарға жауап беріп, ойланып-толғанады, қойылымға да қатысады. Филармония әртістері ертегі таңдаған кезде оның кейіпкері көрермендерін күлдіріп қана қоймайтын, сонымен қатар қойылымның сюжеті балаларға бойындағы қорқыныш пен үрейді, жалқаулық пен еріншектікті, ұялшақтықты жойуға және өздерін сенімді ұстауға көмектесетін ертегілерді таңдап алады.

Музыкалық қойылымға белсенді қатысып, тынбай еңбектенген әртістер - Татьяна Кирьянова (мама), Арай Абжанова (Роза), Елена Журба (Лиза), Қобланды Керейбаев (Дружок), Азамат Идрисов (Гена). Режиссері – Медет Хамзин. Билерді қойған қоюшы-хореограф – Нина Шараева.

Онлайн кім

Қазір 64 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр